«Байрағы биік байтағым!» мүшәйрасының жеңімпаздары марапатталды

Республикалық ақындар мүшәйрасы қорытындыланды.

«Байрағы биік байтағым!» мүшәйрасының жеңімпаздары марапатталды
Фото: elana.kz
773

Астана қаласының  әкімдігімен Қазақстан Жазушылар одағы Астана өкілдігі бірлесіп жариялаған «Байрағы биік байтағым» атты республикалық ақындар мүшәйрасының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлады turkystan.kz.

Мүшәйраға биыл Жошы ұлысын ұлықтау мақсатында Ұлық Ұлыстың 800 жылдығына арналған өлең, толғау, баллада, поэмалар қабылданған.

Байқаудың бас жүлдесін ақын Маралтай Райымбекұлы иеленді.

1 орын иегері –  Жанат Әскербекқызы;

2 орын иегері – Ұларбек Дәлейұлы, Бақытбек Бәмішұлы;

3 орын иегері – Маржан Ершу, Бауыржан Қарағызұлы, Жанат Жаңқашұлы.

Сондай-ақ байқауда арнайы сыйлық та табысталды: 

Ақселеу Сейдімбек атындағы арнайы сыйлық – Ғазиз Ештанаев;

Көпен Әмірбек атындағы арнайы сыйлық – Рауан Қабидолдин;

Фариза Оңғарсынова атындағы арнайы сыйлық – Қарлығаш Қабай;

Қонысбай Әбіл атындағы арнайы сыйлық – Азамат Әбілқайыр

Несіпбек Айтұлы атындағы арнайы сыйлық – Дүкен Мәсімханұлы;

Кәкімбек Салықов атындағы арнайы сыйлық – Абзал Бөкен;

Ерік Асқаров атындағы арнайы сыйлық – Ержан Алаштуған.

 

Серіктес жаңалықтары