Қайрат Нұртасқа сот үкімі шықты

Сот үкімімен Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынды.

Қайрат Нұртасқа сот үкімі шықты
instagram
577

5 шілдеде Астананың әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қайрат Нұртасқа қатысты істі онлайн режимде қарады.

Қайрат Нұртас судьядан алдағы күндері өзінің гастрольдік жоспары бар екенін айтып, қамауға алудың орнына әкімшілік айыппұл салуды сұрады. Алайда прокурор Қайрат Нұртасты ұшақтағы оқиға үшін 15 тәулікке қамауға алуды талап етті.

Сот үкімімен Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынды. 

Еске салсақ, «Алматы-Астана» бағытындағы әуе рейсінде ұсақ бұзақылық және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалғанын хабарлаған болатынбыз. Сондай-ақ, Қайрат Нұртас не үшін ұшақта жанжал шығарғанын түсіндіргені жайлы жазған болатынбыз. 

Серіктес жаңалықтары