5 жылға сотталуы мүмкін: Қайрат Нұртастың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Қайрат Нұртас 30 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынды.

5 жылға сотталуы мүмкін: Қайрат Нұртастың үстінен қылмыстық іс қозғалды
instagram
819

Жақында Қайрат Нұртас (Айдарбеков) Алматыдан Астанаға ұшатын ұшақ бортында төбелес шығарған. Төбелестің нәтижесінде басқа жолаушының денсаулығына жеңіл зиян келтірілді. Жәбірленушінің аты-жөні Асылбек Бекқайыров, деп хабарлады turkystan.kz Kozachkow телеграм-арнасына сілтеме жасап. 

Әуе кемесінің командирі полицияның көмегіне жүгінуге мәжбүр болды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері екі адамды да бөлімшеге алып барды. Онда музыкантқа екі әкімшілік құқық бұзушылық рәсімделді: денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және қайта жасалған ұсақ бұзақылық туралы.

Асылбек Бекқайыровқа да хаттама жасалды. Екі құқық бұзушылық үшін әнші 30 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынды.

Құқық қорғау органдары Қайрат Нұртасқа қатысты Қылмыстық кодекстің 293 - бабының 2-бөлігі – «әуе кемесінің бортында жасалған бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді. 

Айта кету керек, баптың санкциясы айыппұл, қоғамдық жұмыстар, шектеулер және тіпті 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.

Еске салсақ, бұған дейін әншіге сахнада бейәдеп сөздер айтқаны үшін айыппұл салынған болатын.

 

Серіктес жаңалықтары