Тұрсынбек Қабатов түрмеден шыға сала Астанада концерт бермек

Даулы оқиғаға қарамастан, билеттердің барлығы дерлік сатылып кеткен.

Тұрсынбек Қабатов түрмеден шыға сала Астанада концерт бермек
сурет: ticketon.kz

Тұрсынбек Қабатов мас күйде ұшақта шу шығарғаны үшін 5 күнге қамалған болатын. Енді шоумен 5 шілдеде Астанада концерт бермек, деп хабарлайды turkystan.kz ticketon.kz-ке сілтеме жасап.

Тұрсынбек Қабатов Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның концерт залында жеке концерт бермек. Даулы оқиғаға қарамастан, билеттердің барлығы дерлік сатылып кеткен.

Естеріңізге сала кетейік, ол ұшақ бортында мас күйде әдепсіз сөздер айтқаны үшін қамауға алынған болатын.