Қостанай облысында КамАЗ бен мотоцикл соқтығысып, бір адам қаза тапты

/
Қостанай облысында КамАЗ бен мотоцикл соқтығысып, бір адам қаза тапты
Қостанай облысының Полиция департаменті

Қостанай облысының Тобыл қаласында КамАЗ жүк көлігі мен екі мотоциклдің қатысуымен адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жол апаты 13 қазан күні кешкі уақытта Семин көшесінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, КамАЗ жүргізушісі солға бұрылу кезінде екі мотоциклмен соқтығысқан.

Апат салдарынан жол қозғалысына қатысушылардың бірі жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін көз жұмды. Екінші зардап шегуші медициналық мекемеге жеткізілді.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу нәтижелері бойынша құқықтық баға беріледі.

Полиция жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік ережелерін сақтауға, маневр жасау кезінде мұқият болуға және жолдағы жағдайды ескеруге шақырды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары