Қарағандылық ақын халықаралық фестивальде гран-при жеңіп алды

Қуаныш Мақсұтов «Әнші Ыстықкөл – 2024» халықаралық авторлық ән фестивалінің жеңімпазы атанды.

Қарағандылық ақын халықаралық фестивальде гран-при жеңіп алды
Қарағанды облысы әкімдіг

Қарағандылық Қуаныш Мақсұтов «Әнші Ыстықкөл – 2024» халықаралық авторлық ән фестивалінің гран-при иегері атанды.

Мұнда АҚШ, Мальта, Түркия, Ресей, Өзбекстан, Қазақстан және Қырғызстаннан келген қырық сегіз орындаушы бақ сынасты.

– Биыл «Ұлттық ән авторлары» жаңа номинациясы енгізілді. Мен «Қотыр тайды» орындадым. Қазылар алқасы өте мықты болды. Оның құрамына Александр Городницкий, Анэс Зарифьян және Владимир Глазунов кірді. Қазылар алқасы барлық қатысушыларды алдын-ала тыңдап, ең мықтыларын таңдады. Сондай-ақ фестивальде жеке концерт беруге мүмкіндік туды, – деді Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы, ақын Қуаныш Мақсұтов.

Сонымен қатар, Қарағанды облысының тағы бір өкілі – Сұлупан Сұлтанова фестивальдің дипломанты атанды. Ол «Ұлттық ән авторлары» номинациясы бойынша диплом алып, «Іңкәр көңіл» әнін орындады.