443
Мемлекет басшысы Үндістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Уттар-Прадеш штатының Хатрас қаласында болған қайғылы оқиғаға байланысты Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге көңіл айтты, деп хабарлады turkystan.kz.
– Уттар-Прадеш штатында өткен діни жиын кезінде көптеген адамның бастырылып, қайтыс болғаны туралы қайғылы хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Қазақстан халқының және өз атымнан қаза тапқан азаматтардың отбасыларына көңіл айтамын. Сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін, – деп жазылған жеделхатта.