Статистика: Қазақстан халқының саны қаншаға жетті?

Тұрғыны ең көп қала - Алматы (2 253 502 адам).

Статистика: Қазақстан халқының саны қаншаға жетті?
istockphoto.com
339

2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша, Қазақстан халқының саны 20 139 914 адамды құрады. Мұндай деректерді Ұлттық статистика бюросы жариялады.

Соңғы 5 айда халықтың жалпы өсімі 106 072 адамды құрады.

Соңғы мәлімет бойынша, қалаларда 12 552 583 адам (ал 1 қаңтарда 12 451 192 адам), ауылдарда 7 587 331 адам (7 582 650 адам) тұрады.

Осы жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша Қазақстанның «миллионер» өңірлері:

  • Алматы қаласы-2 253 502 адам,
  • Түркістан облысы-2 149 210 адам, 
  • Алматы облысы-1 543 588 адам,
  • Астана қаласы-1 464 415 адам,
  • Шымкент қаласы-1 236 901 адам,
  • Жамбыл облысы-1 223 457 адам,
  • Қарағанды облысы-1 134 935 адам.

Серіктес жаңалықтары