Жүрегіне пышақ қадаған: Отбасылық жанжалға ара түсемін деп мерт болған полицейдің атындағы сынып ашылды (ВИДЕО)

Қостанай облысы ПД ардагерлер кеңесінің төрағасы Сапабек Құлбеков өз сөзінде Дарханның қосымша күштің келуін күтуге мүмкіндігі болғанын, бірақ ол дереу әрекет еткенін, себебі үйде әйел мен баланы өлтіремін деп қорқытқан қылмыскер болғанын атап өтті.

597

Қостанай облысында ерлікпен қаза тапқан полицейдің атындағы АӘД сыныбы ашылды, деп хабарлайды turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тобыл қаласының № 1 мектебіндегі АӘД сыныбына қызмет барысында қаза тапқан полиция қызметкері Дархан Базарбаевтың есімі берілді. Іс-шараға марқұмның туыстары, мектеп әкімшілігі мен ұстаздары, оқушылар, полиция департаментінің басшылығы және Қостанай ауданы полиция бөлімінің жеке құрамы шақырылды.
Қаза тапқан сержанттың әкесі Серік Қалиев сөз сөйлеп, өз алғысын білдірді. Ол ұлының есімі бүгінге дейін ел есінде болғанына шын жүректен қуанады.

Естеріңізге сала кетейік, Қостанай аудандық полиция бөлімінің патрульдік полицейі Дархан Базарбаев 2020 жылдың қаңтарында қызмет барысында қаза тапқан.
Ол серіктесімен бірге Тобыл қаласында болған отбасылық жанжал болып жатқан жерге шақыртуға келген. Пышақпен қаруланған дебошир әпкесінің отбасын өлтіремін деп қорқытқан. Осы кезде үйде кішкентай бала болған.  Ер адамды ұстаған кезде полиция қызметкері жүрек аймағынан ауыр жарақат алды.

Қайтыс болған сержанттың артында жұбайы мен баласы қалды.

Қостанай облысы ПД ардагерлер кеңесінің төрағасы Сапабек Құлбеков өз сөзінде Дарханның қосымша күштің келуін күтуге мүмкіндігі болғанын, бірақ ол дереу әрекет еткенін, себебі үйде әйел мен баланы өлтіремін деп қорқытқан қылмыскер болғанын атап өтті. Ол бұл “өмір үшін қадамды” батыл түрде жасады. Бұл жанқиярлық әрекет жас қызметкерлерге үлгі болады. 

Мектеп оқушылары Дарханның жеке заттарын, туыстары ұсынған грамоталар мен медальдарды қызығушылықпен қарады. Стендтері мен полицейдің портреті бар жарқын, жайлы кабинетте тарих сабақтары өтеді. Айта кету керек, бұл Қостанай облысында қаза тапқан полиция қызметкерлерінің құрметіне ашылған үшінші кабинет. Бұған дейін Меңдіқара ауданында Нұрлыбек Омаровтың құрметіне, Әулиекөл ауданында Медет Досымханов атындағы кабинеттер ашылған болатын.

Серіктес жаңалықтары