37 жастағы ер адам Сырдария өзеніне батып кете жаздады

Құтқарылған адамның жағдайы тұрақты, медициналық көмекті қажет етпеді.

37 жастағы ер адам Сырдария өзеніне батып кете жаздады
видеодан алынған скрин
511

Түркістан облысы Шардара ауданындағы Сырдария өзенінің жағалауын патрульдеу барысында суға батып кете жаздаған жергілікті тұрғын құтқарылды, деп хабарлады turkystan.kz.

"Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Шамсон Рамиль, Қылышбай Сүндетбек және Мауленова Түймегүл жағадан 40 метр қашықтықта суға бата бастаған 1987 жылы туған ер адамды құтқарды", - деп жазылған ТЖМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазіргі уақытта құтқарылғанның жағдайы тұрақты, медициналық көмек қажет емес. 

 

Серіктес жаңалықтары