3 күн бойы іздеген: Нұра өзенінен 15 жастағы оқушы қыздың денесі табылды

ТЖД балаларды өзен мен су қоймаларына жалғыз жібермеуге шақырады.

3 күн бойы іздеген: Нұра өзенінен 15 жастағы оқушы қыздың денесі табылды
сурет: Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі / tengrinews.kz
556

Қарағанды облысында Нұра өзенінен 15 жастағы оқушы қыздың денесі табылды, деп хабарлайды tengrinews.kz. Құтқарушылар оны 3 күн бойы іздеген. 

Қызылжар ауылының маңында оқушылар суға батып кеткен. Олардың біреуі бірден табылды, екіншісін іздеу үш күнге созылған. Іздеуге ТЖД, полиция және Теміртау аңшылар мен балықшылар қоғамының 40 қызметкері, туыстары мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. 

"Бүгін таңғы сағат 08:50-де сүңгуірлер 15 жастағы қыздың денесін тапты. Ол шомылу орнынан шамамен 1300 метр қашықтықтан табылды. Іздестіруге 40 адам, 9 бірлік техника және 7 жүзу құралдары жұмылдырылды. Бұл оқиға судағы қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңызын көрсетеді", - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

ТЖД балаларды өзен мен су қоймаларына жалғыз жібермеуге шақырады. 

 

Серіктес жаңалықтары