Серік Ибрагимовтың әйелі көпшілікті таңғалдырды (ВИДЕО)

Блогер келіншек бала күнінде би үйірмесіне қатысқанын айтты.

Серік Ибрагимовтың әйелі көпшілікті таңғалдырды (ВИДЕО)
Instagram
576

Танымал әнші Серік Ибрагимовтың әйелі, блогер Айнамкөз Абдимаева тойда үнді биін билеп, көпшіліктің ықыласына бөленді.

Блогер келіншек бала күнінде би үйірмесіне қатысқанын айтты.

«Сюрприз! 15 жыл үзілістен кейін сахнаға шығуым. Жақындарымнан ешкім білген жоқ. Тек 2-3 адамға айттым. Өйткені жоспар құру керек болды. Кұләш құрбыма рақмет! Екеуміз тығылып жүріп, 3-4 рет 2 сағаттан кездесіп репетицияға барып жүрдік. Жалпы көбі шок болды. Өйткені биші болғанымды естігенімен, билегенімді көрмеген. Тіпті жолдасым Серік те бірінші рет көріп тұр. Тосынсый орындалды! Анам жылап қалды», – деп жазды блогер.

Өнер иесі әйелінің талантына таңдай қағып, көпшілікпен бірге тамсанып жатыр. 

Серіктес жаңалықтары