Алматыда жол апатынан 2 адам қаза тапты

Апат салдарынан мопед жүргізушісі де, жаяу жүргінші де оқиға орнында қаза тапты

Алматыда жол апатынан 2 адам қаза тапты
Көрнекі фото: Tengrinews.kz / Алихан Сариев
327

Алматыда «Алтын Орда» базарының маңында мопед жүргізушісі әйел адамды қағып кетті. Жол апаты салдарынан екеуі де қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz.

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 30 маусымға қараған түні сағат 02:50-де қаланың Наурызбай ауданында болды.

Мопед жүргізушісі, 2002 жылы туған жас жігіт Райымбек даңғылымен шығыс бағытта келе жатып, 25-30 жастар шамасындағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Әйелдің кім екені анықталып жатыр. Апат салдарынан мопед жүргізушісі де, жаяу жүргінші де оқиға орнында қаза тапты, - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары