Түркістан облысында мал жаюға шығып, жоғалып кеткен балалар табылды

Іздеуге құтқарушылардың кинологиялық есептобы, ұшқышсыз ұшу аппараты мен ҚР ТЖМ Қазавиақұтқару тікұшағы жұмылдырылды

Түркістан облысында мал жаюға шығып, жоғалып кеткен балалар табылды
Видеодан алынған кадр

Құтқарушылар Түркістан облысында жоғалып кеткен екі баланы тікұшақпен іздеп тапты, деп жазады turkystan.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Түркістан облысы Тәукент ауылынан 6 км таулы жерде құтқарушылар іздестіру жұмыстары барысында тауда адасқан 2 жасөспірімді тапты.

Жоғалған адамдарға медициналық көмек қажет болған жоқ, - деп жазды ведомстводан.

Естеріңізге сала кетейік, 16 жастағы екі жасөспірім бір күн бұрын таңертең мал жаюға шығып, бағдарынан адасып, үйлеріне өз бетінше орала алмаған.

Іздеуге құтқарушылардың кинологиялық есептобы, ұшқышсыз ұшу аппараты мен ҚР ТЖМ Қазавиақұтқару тікұшағы жұмылдырылды.