Алматы әкімі БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

Қала басшысы ақпараттық кеңістіктің маңыздылығы мен баға жетпес үлесін атап өтті.

Алматы әкімі БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтады
Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Ерболат Досаев журналистерді Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен құттықтады.  

«Күнделікті қажырлы еңбектеріңізбен Сіздер қоғамға өмірде не болып жатқанын түсінуге көмектесесіздер, қала мен елдегі  маңызды оқиғалар туралы хабардар етесіздер. Біз үшін Сіздердің материалдарыңыз тек деректер көзі ғана емес, ең алдымен Алматыны дамытуда  дұрыс шешім қабылдаудың негізі болып табылады», - деп атап өтті әкім. 

Қала басшысы ақпараттық кеңістіктің маңыздылығы мен баға жетпес үлесін атап өтті. 

«Сіздердің жауапты жұмыстарыңыз бізге мегаполистің тұрғындарымен және бизнеспен сындарлы диалог құруға көмектеседі. Объективтілік пен кәсібилікке негізделген мұндай тиімді өзара іс-қимылдың алдағы кезеңде де жалғасатынына сенімдімін. Сіздерге барлық бастамаларыңызға сәттілік, кәсібилікте жаңа биіктер мен бақ-береке тілеймін!», - деп ізгі ниетін білдірді Е. Досаев.