АҚШ-та Трамптың жарлығына құлақ аспайтын қалалар саны көбейді

АҚШ-та Трамптың жарлығына құлақ аспайтын қалалар саны көбейді

АҚШ-та Трамптың жарлығына құлақ аспайтын қалалар саны көбейді
ашық дереккөзі
288
АҚШ-та федералды биліктің заңсыз мигранттарды анықтап, оларды депортациялау жөніндегі бұйрықты орындамай, Трамп саясатына қарсы шыққан қалалар саны өсіп келеді. Бұл туралы The Ohio Jobs & Justice Political Action Committee қоғамдық ұйымына сілтеме жасап centralasian.org хабарлады. 
Ұйымның мәліметі бойынша, жыл басынан бері Трамптың жарлығына жауап ретінде отызға жуық қала мэрі заңсыз мигранттарды мәжбүрлі түрде елдеріне жіберуден қорғаймыз деп мәлімдеген. Бірақ мигранттар мекеніне айналған төрт қала — біреуі Аляскада, екеуі Огайода, біреуі Флорида (Майами) — позицияларын өзгерткен. Президент Трамптың қаңтар айындағы жарлығына сәйкес, мигранттарды жасырған қалаларға федералдық бюджеттен қаржы бөлінбейді. Федералды үкіметтің хабарлауынша, мигранттар мекендейтін қалалардың полициясы 2 мыңға жуық ұсталған азаматтарды босатып жіберген. Оларды Иммиграциялық қызмет депортацияламақ болған.

Серіктес жаңалықтары