Қиырдағы қазақ балаларының басын қосқан «Jas Qazaq» лагерінің ашылу өтті

«Jas Qazaq» жазғы этно-лагері осымен төртінші рет ұйымдастырылып жатыр.

Қиырдағы қазақ балаларының басын қосқан «Jas Qazaq» лагерінің ашылу өтті
"Отандастар қоры" баспасөз қызметі

25 маусымда этникалық қазақ балаларына арналған «Jas Qazaq» жазғы-этно лагерінің ашылу өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

ҚР Сыртқы істер министрлігіне қарасты «Отандастар қоры» КЕАҚ ұйымдастыруымен және IQanat қорының қолдауымен шетелде тұратын этникалық қазақ балаларына арналған жазғы этно-лагер жұмысын бастады.

Отандастар қорының «Jas Qazaq» жазғы этно-лагері төртінші рет ұйымдастырылып жатыр. Осыған дейін 400-ден аса қандас балалар қатысса, биыл Ресей, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы, Қытай, Оңтүстік Корея және Иран елдерінен келген 255 этникалық қазақ балаларының басын қосты. Қатысушылардың арасында төтенше жағдай кезінде қазақстандық достарына жылу жинаған моңғолиялық қазақ балалары, Қоғамның түрлі байқауларына қатысып, білімдері мен біліктіліктерін дәлелдеген қаракөз қандастарымыз бар.

Лагерь 2024 жылғы 24 маусым және 7 шілде аралығында Бурабайдағы «IQanat High School of Burabay» мектебі базасында өтеді. Балалар екі аптада қазақ тілі, тарихы мен салт-дәстүрін үйреніп, ұлттық ойындар мен музыкалық аспаптарда ойнайды, атқа мініп, киіз үй құрады, еліміздегі жоғары оқу орындарының қатысуымен өтетін білім көрмесіне қатысады және ең бастысы әлемнің көптеген елінен достар табады

25 маусым күні лагердің ресми ашылу салтанатына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Болат Керімбек және Нұргүл Тау, Россотрудничествоның Астанадағы өкілдік басшысы Ольга Филонова, «Отандастар қоры» КЕАҚ президенті Данияр Қадыров және IQanat мектебінің директоры Зайкен Жанат қатысып, балаларға ақжарма тілектерін білдірді.