Елордалық қоғамдық көлік жүрізушілеріне жұмыс уақытында ұялы телефон ұстауға тыйым салынбақ. Бұл туралы бүгін қалалық Жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Б.Игенбердиновтың төрағалығымен өткен кеңесте айтылды деп хабарлайды sn.kz.
Жиынның негізгі тақырыбы тасымалдаушылардың келісімшарт бойынша міндеттемелерін тиісті деңгейде орындамауы, бағытқа автобустардың жоспарлы шығуын, қозғалыс аралықтарының сақталуын қамтамасыз ету, автобус жүргізушілерінің Жол жүру ережелерін сақтауы және жолаушыларға қызмет көрсету деңгейін арттыру болды.
Кеңесте тасымалдаушылардың проблемалық мәселелері де қаралды. Кеңестің қорытындысы бойынша Басқарма көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру үшін тиісті шаралар қабылдау бойынша міндеттер қойды.
Сондай-ақ, үстіміздегі жылдың 1 сәуірінен бастап автобус парктерінің әкімшілігіне рейс алдындағы тексеру кезінде жүргізушілердің ұялы телефондарын қалдыратын арнайы ұяшықтар ұйымдастыру ұсынылды.
Сондай-ақ, Көліктік бақылау қызметіне Тасымалдаушылардың бақылау-желілік қызметімен бірлесіп бағытқа шыққан жүргізушілердің ұялы телефонды пайдалануы, темекі тартуы және ЖЖЕ сақтауы бойынша мониторинг жүргізу тапсырылды.
Жаңалықтар
Бүгін, 05:25
Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
24 наурыз, 2026
Жұлдыз Әбдікәрімова атақты продюсердің қызын таңқалдырды
24 наурыз, 2026
Алматы көшелерінің бірінде тағы жол апаты болды
24 наурыз, 2026
Шымкентте егде жастағы әйел кішкентай қызға қол көтерген (ВИДЕО)
24 наурыз, 2026
Еліміздің үш облысында жол жабылды
24 наурыз, 2026
Серік Сәпиев лауазымды қызметке тағайындалды