410
Қазақстандық балуан екі дүркін Азия чемпионы атанды
Грек-рим күресінен 60 келі салмақта белдескен Шәміл Досбол екі дүркін Азия чемпионы атанды.
Күрес түрлерінен Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан 17 және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан балуандары жоғары нәтиже тіркеді.
Грек-рим күресінен 60 келі салмақта белдескен Шәміл Досбол екі дүркін Азия чемпионы атанды. 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында белдескен ол турнир барысынды Қытай мен Үндістан балуандарын жеңіп, финалда өзбек балуанымен тең түсті. Алайда, соңғы нәтижелі әдісті жасағандықтан, жеңіс қазақ спортшысына берілді.
Одан бөлек, 92 келідегі Әділет Тойшы күміс медаль иеленсе, Нұрдәулет Құмарұлы (45 келі) мен Едіге Төлеутаев (51 келі) қолаға қол жеткізді.
Алмат Кебіспаев жаттықтыратын грек-рим күресінен U-17 құрамасы жалпыкомандалық есепте 3-орын иеленді.