Петропавлда суға кеткен 10 жастағы баланың денесі сегіз күннен кейін табылды

Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді

Петропавлда суға кеткен 10 жастағы баланың денесі сегіз күннен кейін табылды
СҚО ТЖД баспасөз қызметі
519

Петропавлда Есіл өзеніне шомылуға барып, батып кеткен 10 жастағы баланың денесі қала маңындағы елді мекендердің бірінің жанынан табылды, деп жазады turkystan.kz Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша, суға кеткен баланың денесін іздеуге бүгін таңғы сағат 8:30-дан кете 12 құтқарушы, екі арнайы техника, ұшқышсыз басқарылатын ұшатын аппарат және еріктілер шыққан.

Сағат 16:00 шамасында 2014 жылы туған Саймухиддиновтың денесі Петропавлдан шамамен 20 шақырым жерден, Соколовка елді мекені маңынан табылып, судан шығарылды.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді. 

Серіктес жаңалықтары