Семейде селитра сақтайтын үлкен қойма өртенді

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ

Семейде селитра сақтайтын үлкен қойма өртенді
ТЖМ

Семей қаласында шамамен 1000 шаршы метр алаңда қойма жанды. Оның ішінде аммиак селитрасы, консерв содасы сақталған, деп хабарлады turkystan.kz.

Абай облысының өрт сөндірушілері түні бойы ірі өртпен арпалысып шықты. Қойманың жалпы ауданы — 4500 шаршы метр. 

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Жергілікті жерде ТЖМ күш-құралдары 03:29 кезінде жалынды ауыздықтады. 

Таңғы 05:05 шамасында өрт толық сөндірілді.