Қызылорда облысында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі үйін спортзалға айналдырған

Қызылорда облысында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі үйін спортзалға айналдырған
24kz/скриншот
799

Қызылорда облысындағы Дүр Оңғар ауылында тұратын дене шынықтыру пәнінің мұғалімі  үйін жаттығу залына айналдырған, деп хабарлайды turkystan.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Қармақшы ауданындағы Дүр Оңғар ауылының балалары мектеп жанындағы каратэ үйірмесіне қатысады. Ал жоғары сынып оқушылары ауылдағы мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі Серік ағайдың үйінде шеберлік шыңдайды. Ондағы жаттығу құралдары трактордың, жүк көліктерінің шатун, каленвал секілді бөлшектерінен жасалған. Жалпы ол бөлмедегі барлық жаттығу құралы ауылшаруашылығы техникаларының қосалқы бөлшектерінен құрастырылса керек.
 

«Ауылда спорт кешені болмағандықтан бос тұрған бұрынғы балабақша, дәріхананың бөлмелерін спорт залға айналдырған күндер болды. Кейін үйімнің ауласындағы екі бөлмелі уақытша баспанада спортшыларды жаттықтыра бастадым. Ең бастысы – ауылдың талантты ұл-қызының жасындай жарқырауына жол аштым.

Халықаралықтан ең алғашқы жарысқа қатысқан Қарақұлов Ғалым деген оқушым болды. Сол жарысқа қатысқанда екінші орын алғанда төбем көкке жетті. Өйткені осындай шағын ауылдың ішінен дайындаған еңбегімнің шыққанын сезіндім. Тренердің ең бір жақсы бақыты ол оқушы, шәкіртінің жеңісін көру ғой», - дейді мұғалім.


 

Серіктес жаңалықтары