«Көз жасымды тыя алмадым»: Алтынбек Қоразбаев жүрегін ауыртқан оқиғаны айтты

Халық әртісі “Хабарlike” бағдарламасында қонақта болып, жүрегіне әсер еткен оқиғасын бөлісті.

«Көз жасымды тыя алмадым»: Алтынбек Қоразбаев жүрегін ауыртқан оқиғаны айтты
Сурет: https://dalanews.kz
635

Ел аузында жүрген хит әндердің авторы, композитор Алтынбек Қоразбаев халыққа кеңінен таралған толғауларының шығу тарихын баяндап берді, деп хабарлады turkystan.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

“Қара шал” деген толғауымның жарыққа шыққанына – 37 жыл. Одан әрісі толғауларыма 40 жылдың көлемі болды. Бұл – өмірден алынған толғау. Ұзақ болса да, қысқаша айтып берейін. Осыдан он жылдай бұрын ғой деймін, мені “Хабар” арнасына қарттар үйі туралы қонаққа шақырды. Сонда Алматыдағы Момышұлы көшесіндегі қарттар үйінен бірнеше азаматты алып келді. Мен домбырамен "Қара шал" әнін орындауым керек. Журналист жігіт бір асқақалға сұрақ қойды. "Аға, үш балаңыз бар екен. Сіз неге мұнда жатсыз?" деді. "Ай, қарағым-ай, екі қызымның біреуі тұрмысқа шығып кетті, бір қызым аурушаң болды, ауруханадан көз ашпайды. Ал ұлым полковник деген дәрежеге дейін көтерілді. Қара басып, әйелінен ажырасты. Менің кемпірім қайтыс болып кетті. Жалғыз балам күндіз-түні арақ ішті. Қайтемін?! Осы жаққа әкеліп тастады, қарайтын ешкім жоқ. Жасым 80-ге жақындап қалды" деп боздап жылап отыр. Сонда журналист "зейнетақы картаңызды неғыласыз?" деді. "Балама беремін" деді. "Балаңыз арақ ішсе, оған неге бересіз?" десе, "Шырағым-ау, сол балам жүрегіңді бер десе, жұлып бере қоямын" деді. Мен боздап көзімнен жас ағып кетті. Залда отырып, көзімнің жасын тыя алмадым. Көңілім босағандықтан әнімді де дұрыс айта алмадым. Қандай тағдырдың тауқыметі?! Осындай мысал әңгіме көп", – деп өткенді есіне алды композитор. 

 

Серіктес жаңалықтары