Қайсарқуыпкел мен Ұлбақыткелсін: Қазақстандағы ең ерекше есімдер анықталды

Ер адамдардың есімдерінің арасында жер-су аттары көбірек кездеседі.

Қайсарқуыпкел мен Ұлбақыткелсін: Қазақстандағы ең ерекше есімдер анықталды
Сурет: www.istockphoto.com
505

Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы ең ерекше есімдерді атады, деп хабарлады turkystan.kz порталы Azattyq Rýhy  сайтына сілтеме жасап.

 

Тәуелсіздік алған жылдардан бастап 2023 жылға дейін туған ерлер мен әйелдердің, ұлдар мен қыздардың ішінде өте сирек кездесетін есімдерге ие болған адамдар бар.

1991 – 2000 жылдары Аққошқар, Қағазбек, Спатақ, Ғашықбол, Талдау, АтбасарКөмірбек дүниеге келсе, 2000 – 2023 жылдары Құзтас, ҚапшағайЖаңатас, Жаңажыл, МемлекетҮкіметҚайсарқуыпкел, Кінәзбек,  Күш-Жігер, Сұқбат, Кешірім, Толтыр, АқмешітНұрорда, Ғашық, Отынбек, Тайфун, Әнішер, Сырдария, Аткелтір, Құдірет Күш, Бірік, Тамырбай, Табиғат, Ата-Ман атты жігіттер мен балалар туған екен.

1991-2000 жылға дейінгі дүниеге келгендер ішінде Мастура, Мунай, Десмина, Кідірсін, Қазынасұлтанбегім, ҚаймақӘрдайым, Бұлдырап деген атқа ие болған әйелдер бар.

2000 жылдан 2023 жылға дейін дүниеге келген ерекше есімге ие балалар арасында Қалаған, Ғасырға, Ақбалық, Ақбибіәдемі, Әсмәмиледи, Ақдидарсұлтаным, Іңкәржібегім, Қырғауыл, Іліп, Үкілісағыныш, Іңкәрәмір, АлтынкүмісЖаратқаным, Қаулә, МәңгілікСоветкүлШалқардария, Өрлеу, ҰлбақыткелсінӨссінӨрлесін, Жарқырасын, Қылықтым, Жансалқам есімді қыздар бар.

 

Серіктес жаңалықтары