520
Түркістан полицейлері 7 айлық нәрестені аман алып қалды (ВИДЕО)
Көлік ішінде ауа жетпей көгеріп жатқан шақалақ пен анасы отырған
Түркістан облысында патрульдік полиция қызметкерлері 7 айлық нәрестені аман алып қалды, деп хабарлайды turkystan.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Түркістан қаласындағы Әмір Темір көшесінде күнделікті қызметте жүрген сақшыларға егде жастағы жүргізуші келіп немересіне дем жетпей жатқанын айтқан. Мұны естіген полицейлер бірден көмек қолын созған. Көлік ішінде ауа жетпей көгеріп жатқан шақалақ пен анасы отырған.
– Әріптесім Сламхан Серікбай екеуміздің жүгіріп жүргенімізді көрген тұрғындардың бірі өзінің дәрігер екенін айтып, қасымызға келе қалды. Абырой болғанда балаға алғашқы көмек көрсетіп үлгердік. Одан әрі анасымен бірге ауруханаға жылдам жеткіздік, – дейді полиция қызметкері Бауыржан Ілес.
Атасы сақшыларға алғыс білдірді.