«Өзіме қол жұмсағым келді»: Әбілмансұр Серіков өміріндегі қиын кезең жайлы айтты

Танымал актер суицидке бармақ болған.

«Өзіме қол жұмсағым келді»: Әбілмансұр Серіков өміріндегі қиын кезең жайлы айтты
Сурет: www.istockphoto.com
429

Белгілі актер Әбілмансұр Серіков «Айтарым бар» подкастының авторы Жанерке Сейфуллинаға берген сұхбатында депрессияға түсіп, қиналған сәтін еске алды, деп хабарлады turkystan.kz.

"Жалғыз қалған кезінде адам баласының басына неше түрлі ойлар келеді. Өз-өзіңе қол жұмсау, өз-өзіңмен сөйлесу деген жалғыздықтан болады. Сондықтан да “жалғыздық құдайға ғана жарасады”. Біз пендеміз ғой. Қиындықтан құтылу үшін жеңіл жол іздеп кетеміз. Бізге жалғыз қалуға болмайды. Мұндай ой өзімде де болды. Қатты қиналған кезімде өз-өзіме қол жұмсағым келген. Бірақ дер кезінде өзімді қолға ала білдім. Әділет деген бірге оқыған жігіт бар. Соған барып, соның үйінде қасында тұра-тұрғым келетінін айттым. Қарсы болған жоқ. Бір айдан астам уақыт сонда болдым. Ал сол үйдің дәл жанында мешіт болатын. Сонда барып Аллаға жалбарынып, ниеттендім», - деді Әбілмансұр Серіков.

Серіктес жаңалықтары