Ештеңе істемесе де, 20 жыл жалақы төлеген: Француз әйел өзі жұмыс істеген компанияны сотқа берді

Мәселені шешудің орнына, компания оған 20 жыл бойы жалақы төлеп келген.

Ештеңе істемесе де, 20 жыл жалақы төлеген: Француз әйел өзі жұмыс істеген компанияны сотқа берді
сурет: leparisien.fr / Olivier Boitet
516

Француз әйел өзіне 20 жыл бойы жұмыс бермей, жалақы төлеп келген компанияны сотқа берді. Бұл туралы leparisien.fr жазды. 

Мүгедектігі бар әйел Orange компаниясына 1993 жылы жұмысқа орналасқан, бірақ 2004 жылы көшкен компанияның жаңа орны оның жағдайына бейімделмеген.

Мәселені шешудің орнына, компания оған 20 жыл бойы жалақы төлеп келген. Енді әйел компаниядан 650 мың еуро өтемақы талап етіп отыр. 

Серіктес жаңалықтары