Алауыздық тудырды деген күдікпен ұсталған ер адам полиция қызметкеріне шабуыл жасады (ВИДЕО)

Интернет-кеңістікке мониторинг жүргізу барысында Есіл ауданы тұрғынының діни алауыздықты қоздыру белгілері бар материал жариялағаны анықталды.

Алауыздық тудырды деген күдікпен ұсталған ер адам полиция қызметкеріне шабуыл жасады (ВИДЕО)
Polisia.kz

Солтүстік Қазақстан облысында алауыздық тудырды деген күдікпен ұсталған ер адам полиция қызметкеріне шабуыл жасады.

Интернет-кеңістікке мониторинг жүргізу барысында Есіл ауданы тұрғынының діни алауыздықты қоздыру белгілері бар материал жариялағаны анықталды. Аталған факті бойынша полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Тергеу әрекеттері барысында мән-жайды анықтау үшін аудан орталығының тұрғыны полиция бөліміне жеткізілді. Тәртіп сақшылары тексеру мақсатымен ер адамнан iPhone14 телефонын беруді сұраған. Бірақ жергілікті тұрғын олардың заңды талабын елемей, құрылғыны сындырмақ болды. Полицейлер оның әрекетін тоқтатпақ болған кезде ер адам олардың бірінің бетінен ұрған.

Күдікті ұсталды. Оған қатысты алауыздықты қоздыру және билік өкіліне күш көрсету фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Денсаулыққа келтірілген зиянның дәрежесін сараптама көрсетеді, – деді СҚО ПД бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев.