Жаңа министр Павел Дуровты Қазақстанға шақырды

"ВКонтакте" әлеуметтік желісінің және Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Қазақстанға келуі мүмкін.

Жаңа министр Павел Дуровты Қазақстанға шақырды
сурет: CC BY 2.0 / TechCrunch / Pavel Durov
288

"ВКонтакте" әлеуметтік желісінің және Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Қазақстанға келуі мүмкін. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Павел Дуровты Қазақстанға шақырғаны туралы айтты, деп жазды tengrinews.kz.

Үкіметтегі брифингте журналистер Мәдиевке Дуровтың жақында Қырғызстанға келгенін еске салып, Қазақстан кәсіпкермен ынтымақтасуды жоспарлап отыр ма деп сұрады. Мәдиев Дуровтың Ыстықкөлге барғанын білетінін және оның командасымен таныс екенін айтты. Ол Павел Дуровқа шақыру жіберілгенін және болашақта ол Қазақстанға келеді деп үміттенетінін жеткізді.

"Иә, мен оның Ыстықкөлге барғанын білемін. Оның командасымен жеке таныспын, бірақ Павел Дуровпен әлі кездеспедім. Дегенмен, мен және әріптестерім оны Қазақстанға шақырдық. Менің ойымша, ол болашақта Қазақстанға келеді, және осы мақсатқа қол жеткізу үшін күш саламын" - деп жауап берді Жаслан Мәдиев.

Серіктес жаңалықтары