1100
Абай облысында малға тағылған чип 28 жылқыны ұрлаған қылмыстық топты ұстауға көмектесті (ВИДЕО)
Қылмыстық топ 26 жылқыны ұрлады деп күдікке ілінген.
Абай облысында полицейлер мал ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты ұстады, – деп хабарлайды turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полицейлер Қалбатау – Семей тас жолында автокөліктерді тексеру кезінде Жарма ауданы тұрғынының көлігін тоқтатқан. Көлікте отырған екі тұрғын ет тасымалдамақ болған. Малды цифрлық чиптеу тергеу аясында ет өнімдерінің иесін анықтауға көмектесті.
Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олар аймақ тұрғындарына тиесілі 26 жылқыны ұрлады деп күдікке ілінген.