Президент Елена Рыбакинаны құттықтады

Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы мәлім етті.

Президент Елена Рыбакинаны құттықтады
Ақорда
272

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев теннистен Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакинаның туған күніне орай құттықтау хат жолдады. Бұл туралы turkystan.kz Қазақстан теннис федерациясының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлады.

«Уимблдондағы және басқа да беделді халықаралық жарыста тамаша жеңістеріңізбен қазақстандық теннис тарихы беттерінен ойып орын алдыңыз. Алдағы уақытта да жанкүйерді керемет ойыныңызбен және жаңа жеңістеріңізбен қуантып, дене шынықтыру мен спортты дамытуға және ілгерілетуге үлес қосатыныңызға сенімдімін. Сізге зор денсаулық пен құт-береке тілеймін», - делінген құттықтау хатта.

Айта кетейік, бүгін, 17 маусым қазақстандық қос теннисші Елена Рыбакина мен Александр Бубликтің туған күні.

Серіктес жаңалықтары