Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрған күдіктіге қатысты сот процесі тікелей эфирде өтіп жатыр (ВИДЕО)

Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрған күдіктіге қатысты сот процесі тікелей эфирде өтіп жатыр (ВИДЕО)
ашық дереккөзден
528

Бүгін Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан күдіктіге қатысты сот процесі басталды. Алдын ала хабарланғандай аталған атышулы іс онлайн режимде қаралады.

Еске сала кетейік, биыл 27 қаңтарда Қарағанды тұрғыны науқасқа келген дәрігерлер бригадасының жүргізушісімен сөзге келіп қалып,оған жұдырық ала жүгірген болатын. Оның бұл әрекетін фельдшер видеоға түсіріп алған. Кейін бұл видео интернетте таралып, ел ішінде резонанс тудырған еді. Зардап шеккен жүргізуші облыстық аурухананың неврология бөлімінде жеткізіліп, оған миы шайқалған деген диагноз қойылған болатын. Күдікті қаладан қашып кетіп, артынша оған іздеу жарияланған болатын. Кейін оны полицейлер қамауға алды.

Сот процесінің онлайн-трансляциясын Жоғарғы соттың YouTube-арнасынан мына сілтемеде көруге болады.

 

Серіктес жаңалықтары