дүйсенбі, 21 сәуір, 2025

42 градусқа дейін ыстық: алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

/
42 градусқа дейін ыстық: алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
istockphoto.com
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Қазгидромет синоптиктері 15-17 маусым аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады, деп жазады turkystan.kz.

Көп өңірлерде өткінші жаңбыр жауады, еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде кей уақытта қатты жауын болады. Найзағай жарқылдап, жел күшейеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Соның өзінде Қазақстанға Жерорта теңізінен өте жылы ауа жылжи береді, нәтижесінде көп облыстарда термометр бағаны күндіз +27+35°С дейін, ал оңтүстікте +35+42°С дейін жоғарылайды.

Бөлісу: