Алматыда жасөспірімдер тұрақтағы көлікті әдейі қиратып кеткен (ВИДЕО)

Аталмыш фактіге қатысты полиция тексеріс жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Алматыда жасөспірімдер тұрақтағы көлікті әдейі қиратып кеткен (ВИДЕО)
Скриншот
472

Алматыда жасөспірімдердің тұрақта тұрған көлікті әдейі қиратып жатқан әрекеті видеоға түсіп қалған.

Видео Instagram-дағы Kris P brothers парақшасында жарияланды. Кадрлардан 2 жасөспірім көлікке әдейі зиян келтіретінін көруге болады: әйнекті сындырып, көліктің бамперін жұлып алуға тырысады, фараларын тепкілейді, тіпті алдыңғы әйнекті тепкілеу үшін көлік капотына шығып алған. 

Жазба авторларының айтуынша, оқиға «Алмалы» тұрғын үй кешенінде болған. 

Видеоға байланысты Алматы полиция департаменті өкілдері түсінік берді. Бұл фактіге байланысты тексеріс жүргізіліп жатқаны хабарланды. 

«Жасөспірімдердің айтуынша, бөтен көлікті олар бұзақылық ниетпен зақымдаған. Істің жай-жапсары анықталады. Құқықтық баға беріледі», - деп атап өтті құқық қорғау органдары.

Серіктес жаңалықтары