ШҚО-да балабақша бухгалтері 12 млн теңге жымқырған

Есепші 3 жыл бойы өзіне артық жалақы мен бонустық төлемдерді есептеп келгенін анықтады.

ШҚО-да балабақша бухгалтері 12 млн теңге жымқырған
istockphoto.com
361

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында балабақша есепшісі 12 млн теңгені өз шотына заңсыз аударып алған.

ШҚО Прокуратурасы «Катюша балабақшасы» КМҚК-ға жүргізілген тексеру барысында есепшінің 3 жыл бойы өзіне артық жалақы мен бонустық төлемдерді есептеп келгенін анықтады.

«Штаттық кесте мен банк шоттарын салыстыру арқылы балабақша есепшісінің өз есепшотына барлығы 12 млн теңгеден астам ақшаны заңсыз аударғаны белгілі болды. Аталған факті бойынша Алтай ауданы прокуратурасы сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Соның барысында есепші өз кінәсін мойындап, келтірілген шығынды толығымен өтеген», - деп хабарлады прокуратураның баспасөз қызметі.

Сот үкімімен айыпталушы ҚР Қылмыстық Кодексінің 189-бабы 3-бөлігі (сеніп тапсырылған мүлікті аса ірі мөлшерде жымқырғаны үшін) бойынша 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектелді.

Үкім толықтай заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары