Атырау қаласына Қытайдан гуманитарлық көмек келді (ВИДЕО)

Бұл жөнінде Атырау облысының төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы мәлім етті.

Атырау қаласына Қытайдан гуманитарлық көмек келді (ВИДЕО)
t.me/oper_shtab_atyrau

10 маусымда Атырауға Қытайдың шығыс жағалауындағы ірі Ляньюньган портынан гуманитарлық көмек жетті. 

«Қытай мен Қазақстан – ұзақ достық тарихы бар өркениетті мемлекеттер. Ляньюньган мен Атырау арасы алшақ болғанымен, бұл байланысқа кедергі бола алмайды. Белгілі бір себептермен біздің гуманитарлық көмек сәл кешігіп келді. Бірақ бұл екі ел халқының бір-біріне деген қамқорлығын тоқтата алмайды. Бүгін мен Ляньюньган портының атынан гуманитарлық көмекті Атырау қаласының әлеуметтік даму қорына аударамын», - деді Орталық Азиядағы Ляньюньган порты өкілдігінің директоры Чжао Вэй. 

Жедел штаб өкілдерінің мәліметінше, Атырау облысындағы су тасқынынан зардап шекен аймақтарға Ляньюньган қаласынан күрке, төсек орын, қолғап, резеңке етік, күрек және су сорғыш құралдар жеткізілді.

Хабарламада Ляньюньгандағы қытай-қазақ логистикалық базасы Қытай мен Орталық Азия арасындағы тауар айналымын арттырып келе жатқаны айтылған.