Алматы облысында белгісіз біреулер той кезінде аспанға оқ атқан (ВИДЕО)

Оқиға Алматы облысы, Талғар ауданындағы жеке үйлердің бірінің жанында болған.

Әлеуметтік желіде қолына қару ұстап, той кезінде аспанға оқ атқандардың бейнежазбасы пайда болды.

Оқиға Алматы облысы, Талғар ауданындағы жеке үйлердің бірінің жанында болған.

Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі қару ұстағандардың жауапқа тартылатынын атап өтті.

Құқықбұзушыларды анықтау бойынша қажетті шаралар қабылданып жатыр. Олар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады, - делінген хабарламада.