35 жастағы қытайлық жөтел кезінде белін сындырып алған

Дәрігерлер оның мұндай жарақат алуына не себеп болғанын анықтады

35 жастағы қытайлық жөтел кезінде белін сындырып алған
www.istockphoto.com
625

Қытайдың Фуцзянь провинциясының дәрігерлері 35 жастағы тұрғынды тексерістен өткізген соң, медицинада сирек кездесетін жайтты жария салды, деп хабарлайды Газета-ru-ға сілтеме жасап.

Oddity Central-дің мәліметінше, 35 жастағы қытайлық жөтелген соң, белі қатты ауыра бастағанын байқаған. Біраз уақыттан кейін жүріп-тұру қиын болған соң, дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Дәрігерлер әдетте мұндай жарақат жол апаты кезінде немесе биіктіктен құлаған кезде тіркелетінін айтады.

Рентгенде белгілі болғандай, қытайлық расымен ортан жілігін сындырып алған. Алайда ол ешқандай физикалық жарақат алмағаны белгілі болды.

Анализдер оның ешқандай сүйек ауруларымен ауырмайтынын көрсетті. Кейін дәрігерлер оның бұлай жарақат алуына газдалған сусын ішуге әуестігі, физикалық жаттығулар жасамауы себеп болған деп түйіндеді.

Емделуші дәрігерлерге судың орнына күн сайын газдалған сусын ішетінін айтқан. Ол сусындардың құрамындағы ортофосфорлық кислота тағамнан келіп түсетін кальцийге кері әсерін тигізеді. Дәрігерлер газдалған сусынды көп ішу сүйектің жұмсаруына алып келеді дейді.

Серіктес жаңалықтары