Анна Данилина Италиядағы турнирдің жеңімпазы атанды

Қазақстандық-ресейлік жұп екі партияда айқын басымдылық көрсетті

Анна Данилина Италиядағы турнирдің жеңімпазы атанды
olympic.kz

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 57-ракеткасы Анна Данилина Бари (Италия) челленджер турнирінің чемпионы болды, деп жазады turkystan.kz.

Kazinform агенттігінің мәліметінше, жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген А.Данилина — ресейлік Ирина Хромачева финалда Италия өкілі Анджелика Морателли — мексикалық Рената Сарасуамен бас жүлдені сарапқа салды.

Қазақстандық-ресейлік жұп екі партияда айқын басымдылық көрсетті — 6:1, 6:3. Олар 1 сағат 5 минутқа созылған матчта 2 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Қарсылас дуэт 1 брейктен (5 брейк-пойнт) аса алмады.