Министр дәрі-дәрмек бағасының қатаң бақылауда болатынын тағы да ескертті

Министр дәрі-дәрмек бағасының қатаң бақылауда болатынын тағы да ескертті

Министр дәрі-дәрмек бағасының қатаң бақылауда болатынын тағы да ескертті
ашық дереккөзі
Елімізде дәрі-дәрмектің бағасы қатаң бақылауда болады, – деп хабарлайды 24.kz арнасы. Бүгін Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткізілген брифинг барысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов осылай деп атап өтті.  Ведомство басшысы елімізде бұдан былай дәрі-дәрмектің бағалары қатаң бақылауда болатындығын тағы бір мәрте айтты. «Жалпы, еліміздегі дәрі-дәрмек қамтамасыз ету жүйесі бойынша күнде шаралар енгізіліп жатыр. Біріншіден, дәрі-дәрмектің бағасын бекіту мен реттеу. Қазіргі күн еліміздегі 7700 дәрі-дәрмек тіркелген, оның 50 пайыздан астамы, 4400-і мемлекет тарапынан қаржыланады. Сонымен осы дәрі-дәрмектерге Денсаулық мминистрлігі өзінің құқығы бойынша бағаны бекітеді», – дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі. Министр фармацевтика саласында заңды белшеден басқысы келетіндердің бәрі қатаң жазаланатындығын қадап айтты. Бұл ретте министр СК фармацияның басшылығы мен меңгерушілері қызметінен босатылып, оған жаңа басшылар тағайындалғанын атап өтті. Естеріңізге сала кетейік, бұл кәсіпорынға 1,3 миллиард теңге айыппұл салынып, атышулы іс бүгінде сотта қаралып жатыр. Сонымен қатар, 18 жасқа толмаған мүмкіндігі шектеулі балаларға күтім жасап отырған азаматтарды медициналық сақтандыру мемлекет есебінен жүргізілмек. Бүгін Мәжілісте аталған заң жобасы таныстырылып, жан-жақты талқыланбақ. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мүгедек бала кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олардың күтушілері басқа санатқа ауыстырылатынын айтып отыр.