Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң жетілдіріледі

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі әзірлеген заң жо­ба­лары Парламент Мәжілісінде қаралу үстінде.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң жетілдіріледі
www.istockphoto.com
Автор
Админ
581

Депутаттардың талқы­лауына «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Әкімшілік құқық бұзу­шылық туралы ҚР Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» екі заң жобасы ұсынылды. 

Заң жобаларымен қарастырылған жаңалықтарды құқықтық өріске енгізу, ха­лықаралық алдыңғы қатарлы стан­дарт­тар мен құқық қолдану тәжірибесін ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл тетіктерін жетілдіруге ба­ғытталған. Өзгерістердің көпшілігі мем­лекеттің сыбайлас жемқорлыққа қар­сы саясатының тұжырымдамасын жү­зеге асыруға бағытталған. Жаңа заң­на­ма мынадай мәселелерді қарастырады:
Жемқорлар үшін ашық реестр енгізу қо­ғамда сыбайлас жемқорлыққа төз­беу­шілік атмосферасын қалып­тас­тыруға ықпал етеді – егер адамның сыбайлас жем­қорлық қылмыс жасағаны туралы ақ­парат ашық болса және сыбайлас жем­қорлық қылмыс фактісі ұятты іс ретінде қаралса.
Пара беруге (ұсынуға) және мұндай ұсы­нысты қабылдауға қатысты қыл­мыс­тық жауапкершілік енгізу қоғамның жем­қорлыққа қарсы мәдениетін қалып­тас­тырады. Бұл өз кезегінде жемқор­лық­тың мемлекетке зиян келтірмеуіне ық­пал етеді. 
Кәсіпкерлік қызметке заңсыз ара­лас­қаны үшін шенеуніктердің, сыбайлас жем­қорлық құқықбұзушылық жасағаны үшін заңды тұлғалардың әкімшілік жауап­кершілігін күшейту бойынша түзе­тулер қарастырылған (айыппұл мөл­ше­рін көбейту, мерзімін 3 жылдан 5 жылға дейін ұлғайту).
Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою бойынша банктер, жоғары оқу орын­­дары, ауруханалар және басқа да мем­­лекеттік және мемлекеттік емес ұйым­дардың қызметкерлерінің заңсыз сыйақы алу фактілерін әшкерелеудің тиім­ділігін арттыру жөніндегі түзетулер қа­растырылған. Қылмыстық кодекс заң­сыз сыйақы беруді қылмыс ретінде қа­рас­тыратын жаңа баппен толықтыры­луд­а. Парақорлық сияқты, бұл тек пара алу­шыларды ғана емес, оны берушілерді де жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді.
Заң жобасында сыбайлас жемқор­лық­қа қарсы іс-қимылдың алдын алу құ­рам­дас бөлігін күшейтуге бағытталған тү­зетулер қарастырылған (мемлекеттік қыз­метте және квазимемлекеттік сек­тор­да мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу шараларын регламенттеу (же­ке мүдделерді декларациялау инс­титутын енгізу; мүдделер қақтығысы жағ­дайында қабылданған актілерді жа­ра­мсыз деп тану), оны болдырмау және рет­теу жөніндегі шаралар қабылда­ма­ғаны үшін жауапкершілік енгізу; мем­ле­кеттік органдар мен квазимемлекеттік сек­тор субъектілері басшыларының сы­­­байлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қабылдамағаны, сыбайлас жем­қорлық құқық бұзушылықтарына ық­пал ететін себептер мен жағдайларды жой­мағаны үшін жауапкершілігін кү­шей­ту және т.б.).
Қазір Мәжіліс депутаттары мемле­кет­тік органдар мен қоғам өкілдерінің қ­а­тысуымен жан-жақты жұмыс жүргі­зі­луде. Жалпы алғанда, заң жобалары жұ­мыс тобы мүшелерінің енгізген түзе­т­улерін ескере отырып жетілдірілетін болады.

Серіктес жаңалықтары