Бестеректе зардап шеккен балалардың жағдайы белгілі болды

/
Бестеректе зардап шеккен балалардың жағдайы белгілі болды
Денсаулық сақтау министрлігі

Абай облысы Үржар ауданы Бестерек ауылында жол-көлік апатынан зардап шеккен балаларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Денсаулық сақтау министрлігің мәіметінше, стационарда зардап шеккен үш бала бар. Олардың біреуінің жағдайы өте ауыр, қалған екеуі тұрақты ауыр деп бағаланып отыр.

«Балаларға бассүйек-ми жарақаттары, тірек-қимыл аппараты мен ішкі ағзалардың жарақаттары диагнозы қойылған.

Балалардың жағдайы тұрақталғаннан кейін оларды Астанаға әуе бортымен тасымалдау мәселесі шешілетін болады.

Пациенттердің біріне дәрігерлер бригадасы қазір миға күрделі нейрохирургиялық операция жасалып жатыр. Ішкі ағзалардан қан кету тоқтатылды»,  – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Абай облысы Үржар ауданындағы Бестерек ауылында ауыр жол апаты тіркелді. Көлік үйдің жанында ойнап жүрген балаларды қағып кеткен. Қайғылы оқиға салдарынан үш бала көз жұмды, тағы үш бала әртүрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген болатын.

Кейін  Мемлекет басшысының тапсырмасымен зардап шеккен балаларға медициналық көмек көрсету үшін Қорғаныс министрлігінің С-295 әскери-көліктік авиация ұшағының бортында медициналық бригада ұшқан болатын.

Команданың құрамында-нейрохирург, травматолог және реаниматолог бар.

Денсаулық сақтау министрлігі жағдайды ерекше бақылауда ұстауда. Балаларға медициналық көмек толық көлемде көрсетілуде, еліміздің үздік мамандары тартылған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары