Жетісу облысында субсидияға бөлінген 300 млн теңге жымқырылған

/
Жетісу облысында субсидияға бөлінген 300 млн теңге жымқырылған
istockphoto.com

Жетісу облысында субсидия қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Агенттіктің ақпаратынша, күдікті ЖШС-нің басшысы бола отырып, 2 жыл бойы жалған құжаттарды пайдаланып, мемлекет тарапынан сүт өнімдерін қайта өңдеуге бөлінген субсидияларды заңсыз түрде «Ауыл шаруашылығы басқармасынан» ММ алып отырған.

"Келтірілген жалпы залал 300 млн теңгеден асты.

Шығындарды растау үшін басқармаға жеке кәсіпкерлерден шикі сүт сатып алу жөніндегі өзара есеп айырысулар туралы жалған құжаттар мен май өндіру бойынша жалған мәліметтер ұсынылған.

Сонымен қатар заңсыз алынған 110 млн теңге мөлшеріндегі субсидия күдікті тарапынан құмар ойындарға жұмсалған.

Сот санкциясымен құны 300 млн астам теңге болатын зауытқа тыйым салынды", - делінген хабарламада.

Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде үй қамаққа алу түрі қолданылды.

Тергеу жалғасып жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары