Ақтөбеде аутизммен ауыратын 13 жастағы бала әлі табылмай жатыр

Баланы іздеуге 500 ге жуық адам тартылды.

Ақтөбеде аутизммен ауыратын 13 жастағы бала әлі табылмай жатыр
instagram.com/polisia_aqtobe
682

Ақтөбеде кәмелетке толмаған Жетру Кәрімді іздеу жұмыстары төртінші күн жалғасып жатыр. Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлім етті.

Полиция, еріктілер және бей-жай қарамайтын азаматтар жоғалған адамның орналасқан жерін анықтауға бағытталған іздестіру іс-шараларының кешенін жүргізуде.

Баланы іздеуге 500 ге жуық адам тартылды. Оның арасында полиция қызметкерлері, ТЖБ қызметкерлері, еріктілер ба. Сондай-ақ қызметтік иттер және 40 бірлік техника, 3 квадроцикл, 2 қайық, 4 жылқы, ұшу аппараттары пайдаланылуда. Полицияға жүгінген сәттен бастап үйлердің шатырлары мен аулалары, кәріз люктері, шұңқырлар, дала, оның ішінде орман алқаптары тексерілуде. Сонымен қатар, бағдарлауды көрсете отырып, қоғамдық тамақтану орындары, дүкендер мен сауда орталықтары тексеоілуде. Кәмелетке толмаған Жетру Кәрімнің жоғалуы туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарына орналастырылды, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбе қаласында 4 маусымда үйінен шығып, хабар-ошарсыз кеткен 13 жастағы бала іздестіріліп жатқанын хабарлаған едік.

Серіктес жаңалықтары