668
Су саласындағы бірқатар мамандардың еңбекақысы 25 пайызға өсті
1 мамырдан Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» мекемесі қызметкерлерінің айлығы орта есеппен 25%-ға өсті.
1 мамырдан бастап су саласындағы бірқатар мамандардың еңбекақысы 25%-ға өсті. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
1 мамырдан Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» мекемесі қызметкерлерінің айлығы орта есеппен 25%-ға өсті. Атап айтқанда, еңбекақысы республикалық бюджеттен төленетін мамандардың айлықтары ұлғайды.
Еске сала кетсек, осы жылдың 1 қаңтарынан айлықтары тариф есебінен төленетін «Қазсушар» мамандарының еңбекақылары орта есеппен 23%-ға көтерілген еді. Нәтижесінде, кәсіпорын қызметкерлерінің жалпы санының 47%-ының айлықтары ұлғайды. Бұл арналар арқылы суармалы су жеткізуді қамтамасыз ететін мамандар.
«Министрлік кадр жетіспеушілігі мәселесін шешу мақсатында су саласы мамандықтарының тартымдылығын арттыру үшін бірқатар іс-шараларды жүзеге асыруда. Мәселен, «Қазсушар» қызметкерлерінің еңбекақысы республикалық бюджеттен және тариф есебінен де кезең-кезеңімен ұлғайып жатыр. Бұдан бөлек, саладағы мамандар біліктілік арттыру курстарынан өтеді. Биыл 450 маман арнайы курстардан өтуі тиіс», - деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.