«Неге әлі ат мініп, жайлауда шапқылап жүр»: Жұлдыз Әбдікәрімова қазақ әдебиетін сынға алды

Қайрат Нұртастың жары, белгілі актриса Жұлдыз Әбдікәрімова кітап дүкенінен қазақ тілінде жазылған оқуға тұрарлық балалар шығармасын таппағанын айтты.

«Неге әлі ат мініп, жайлауда шапқылап жүр»: Жұлдыз Әбдікәрімова қазақ әдебиетін сынға алды
Сурет: ашық дереккөз
1416

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова қазақ әдебиетін әлемдік деңгейге көтеретін кез келді деп санайды, деп жазды turkystan.kz

«Балалармен кітап дүкеніне бардым…Келісім бойынша қазақ тілді роман, проза, фантастика алмақ болғанбыз. Бірақ мынандай мәселеге тап болдық. Қазақ тілді шығарманың басым бөлігі дала, жайлау, көшпенді ел, барымта, соғыс жайлы екен. Қалада туып-өскен бала галактика, жасанды интеллект, матрица әлемі туралы оқығысы келеді. Мені ойландырғаны, аграрлы өмірден урбанизацияға кеткелі қанша уақыт өтті?! Қалада туған бала жайлауды, жылқының ат-әбзелдерін біле бермейді. Бірақ ол үшін оны айыптай аламыз ба? Байқағаным бізге қалалық әдебиет, детектив, фентези жанрлары жетпейді екен. Мысалы Алдаркөсені дәл сол қалпында адам алдайтын кейіпте емес, ақылды, өте парасатты, Шерлок Холмстың деңгейіне неге көтере алмаймыз? Әдебиетіміз әлеммен санасатын кез келмеді ме? Неге әдеби кейіпкерлер әлі күнге кино мен мультипликация кейіпкерлеріне айнала алмай отыр? Неге әлі ат мініп, жайлауда шапқылап жүр? Біздің кейіпкерлер жаңа уақытпен санасатын, тыныстайтын уақыт келді емес пе? Бәлкім мен білмейтін фентези жанрында шығармалар бар шығар? Жаза отырыңызшы», — деп жазды ол.

Серіктес жаңалықтары