Қостанайда әйелін асүйде қылқындырып өлтірген бұрынғы полицейге қатысты сот үкімі шықты

Бұрынғы инспектордың әйелі де ішкі істер органында жұмыс істеген

Қостанайда әйелін асүйде қылқындырып өлтірген бұрынғы полицейге қатысты сот үкімі шықты
Фото: Костанайские новости
553

Әйелін ұзартқышпен қылқындырып өлтірген 25 жастағы бұрынғы полицей, қостанайлық Жасұлан Төлегеновке қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды turkystan.kz Костанайские новости-ге сілтеме жасап.
Жасұлан Төлегенов бұрын полицей, аға лейтенант болып жұмыс істеген. 2023 жылы 19 қазанда әріптесімен бірге жүріп жүрген қызымен ұрысып қалып, көпірден секіргелі тұрған жас жігітті аман алыеп қалған. 
Арада екі апта өткен соң, 31 қазанда Жасұлан өз әйелін қылқындырып өлтірген. Оның әйелі де ішкі істер органында жұмыс істеген. Екеуінің көңілі жараспай, ақыры ажырасу туралы шешім қабылдаған.
Белгілі болғандай, Жасұлан әйелін асүйде ұзартқышпен қылқындырып өлтірген. Сосын ол қылмыстың ізін жасырып, әйелі өз-өзіне қол жұмсады дегенге келтіріп, оның денесін гаражға апарып, мойнына жіп салған. 
Бұрынғы инспектор 9 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Серіктес жаңалықтары