Жаңбыр, жел: 5 маусымға арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК ел аумағында 5 маусымда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.

Жаңбыр, жел: 5 маусымға арналған ауа райы болжамы
Ауа райы. Фото: Pixabay
468

Атмосфералық фронттардың өтуімен ҚР аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады. Күндіз солтүстікте бұршақ болады. Түнде және таңертең елдің солтүстігінде, шығысында тұман болуы мүмкін. Тек елдің солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді.

«Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Түркістан, Жамбыл, Қостанай облыстарының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, Қарағанды облысы мен Ұлытау облысының оңтүстігінде, Жетісу облысның солтүстігінде, шығысында, Алматы облысының солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады», — деп жазды синоптиктер.

Түркістан облысының шөлді аудандарында, Атыраудың батысында, оңтүстігінде, Қызылорда облысының шығысында, батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Серіктес жаңалықтары