Әлемдегі ең кәрі мысық: Ұлыбритания тұрғыны 29 жастағы мысығын Гиннесс рекордтар кітабына енгізбек

Қазір Гиннесс рекордтар кітабында әлемдегі ең кәрі мысық деп 28 жастағы Флосси есімді мысық тіркелген.

Әлемдегі ең кәрі мысық: Ұлыбритания тұрғыны 29 жастағы мысығын Гиннесс рекордтар кітабына енгізбек
mir24.tv
643

Ұлыбритания тұрғыны Лесли Гринхоуг мысығының 29 жаста екенін айтып, Гиннесс рекордтар кітабына енгізбек, деп хабарлайды turkystan.kz МИР телеарнасына сілтеме жасап.

Чешир графтігінде тұратын 69 жастағы бритаднық Милли деп атайтын мысығының 1995 жылы туғанын айтады. Ол мысықты оның марқұм әйелі үш айлық кезінде асырап алған.

Леслидің айтуынша, ол мысығын ешқашан ветеринар дәрігерге апармаған. Денсаулығы жақсы, дегенмен ол бұрынғыдай емес, баяу қозғалады әрі есту қабілеті де нашарлаған.

Қазір Гиннесс рекордтар кітабында әлемдегі ең кәрі мысық деп 28 жастағы Флосси есімді мысық тіркелген. Алайда 2023 жылы Рози есімді мысықтың 32 жаста екені белгілі болды, алайда оның иесі оны рекордтар кітабына тіркемей қойған.

Серіктес жаңалықтары