Балқаш маңында жол апаты болып, 11 адам зардап шекті

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.

Балқаш маңында жол апаты болып, 11 адам зардап шекті
ТЖМ

Алматы – Екатеринбург тасжолының Балқаш маңындағы аумағында 3 маусымда жол-көлік апаты болды. Апат салдарынан 11 адам зардап шекті.

"ТЖМ АМО филиалының "Балқаш" трассалық медициналық-құтқару пунктінің медицина қызметкерлері Алматы – Екатеринбург трассасының 621 шақырымында жол-көлік оқиғасына шақыру бойынша шықты", - делінген хабарламада. 

Министрлік ақпараты бойынша, зардап шеккен 11 адамға медициналық көмек көрсетіліп, бір бала Балхаш қаласындағы ауруханаға жатқызылды.